Бұл туралы Ядолық энергетика жөніндегі Халықаралық агенттікте (МАГАТЭ) істейтін қызметкерге сілтеме жасаған Рейтерс ақпараттық агенттігі хабарлады.
Бұған дейін МАГАТЭ Иранның уран байыту саласындағы әлеуетінің ядролық бомбаны жасап шығаруға жеткілікті екендігін жария еткен болатын. Иран мемлекетінің басшысы Махмуд Ахмадинежад өз еліндегі уранның 20 пайызға дейін байытылатындығын жасырып отырған жоқ. «Алайда одан алынатын отын ядролық қару-жарақты жасауға қолданылмайды», - дейді М.Ахмадинежад.
Айта кетейік, бүгінде Иранға БҰҰ резолюциясының төрт санкциясы салынды. Ал Израиль 2011 жылдан бері «осы елдің ядролық нысандарын бомбалаймыз», деп отыр.