Иран уранды сыртта байыту бағдарламасы туралы МАГАТЭ-ні хабардар етті
08:19, 25 Мамыр 2010
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Иран өзіндегі төмен байытылған уранды шетелде байытылған өнімге айырбастау міндеттемесі туралы хатты МАГАТЭ ұйымына табыс етті.
Иранның Al Alam мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, хатқа Атом энергиясы жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысы Әли Әкбар Салехи қол қойған.
Уранды айырбастау туралы үшжақты келісімге мамырдың 17-сінде Тегранда Иран, Түркия және Бразилияның арасында өткен кездесуде қол жеткізілген болатын. Құжатқа сәйкес, айырбас Түркия аумағында жасалады. Келісімнің аясында Иран 20 пайызға дейін байытылған 120 келі ядролық отын алу үшін Түркияға төмен байытылған 1,2 тонна өз уранын жеткізуге дайын.