Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Русская служба BBC» хабарлағандай, Ислам төңкерісі сақшылары корпусының мәлімдемесінде ұшу аппаратының ауада тәулік бойы болып, 2000 шақырымға дейінгі арақашықтықтағы өз мақсаттарын жүзеге асыруға икемді екені айтылды.
Айта кетейік, 2011 жылы Иран билігі америкалық RQ-170 Sentinel ұшқышсыз басқарылатын аппаратын жария етті, ресми Тегеранның мәлімдемесі бойынша ол электронды соғыс технологиясын қолдану операцияларының нәтижесінде алынған болатын. АҚШ өз кезегінде аппарат ирандықтардың қолына жарамсыз болғандықтан түскенін жеткізді.