Иран ядролық материалды байытудың 19,8 пайыз деңгейіне жетті - МАГАТЭ

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Иран ядролық материалды байытудың 19,8 пайыз деңгейіне қол жеткізді.

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бас директорының (МАГАТЭ) агенттіктің басшылық органының наурыздың 1-інде өтетін кезекті сессиясының қарсаңында танысу үшін Басқарушылар кеңесінің мүшелеріне жолданған баяндамасында айтылып отыр.

«Иран агенттікке масса-спектрометрияның нәтижесін берді, мәліметке сүйенсек, ақпанның 9-11-і аралығында Натанзедегі отын байыту жөніндегі тәжірибелік қондырғыда уран-235 отынын 19,8 пайыз деңгейіне дейін байытуға қол жеткізіліп отыр. Қазіргі уақытта қондырғыда центрфугалардың құрастырылған бір ғана каскады бар, ол уран гексафторидін 20 пайызға дейін байытудың мүмкіндігіне ие», делінген құжатта.

«Иранда, барлық ядролық материалдың бейбіт мақсатта пайдаланып отырғанын растау үшін, агенттікке Иранның ядролық бағдарламасында әскери мазмұнның жоқтығына көз жеткізуі керек», деп атап көрсетіледі баяндамада. Өкінішке орай, агенттіктің құзырындағы және «түрлі дереккөздерден» алынған мәліметтер «Иранның ядролық оқтұмсық немесе зымыран жасау мүмкіндігі туралы алаңдаушылық туғызып отыр», дейді МАГАТЭ сарапшылары.