Дипломатиялық топтардың пікірі бойынша, Иран ұсынысының мақсаты - Иранның ядролық нысандарына әуе шабуылдарын жасауды жоққа шығармай отырған Израильге қысым көрсету. Бірақ та Тегран, Иерусалимнен қорықпайтынын мәлім етіп, бұл бастаманы «принциптің ісі» деп атады.
08:13, 13 Тамыз 2009
Иран ядролық нысандарға соққы беруге тыйым салуды ұсынды
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Тегран Біріккен Ұлттар Ұйымына ядролық нысандарға әскери соққылар жасауға тыйым салуды ұсынды. Бұл бастама Венада жария етілді. Иран ұсынысты Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қыркүйек айында өтетін конференциясында талқылауға ұсынбақ, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.