МАГАТЭ осы нысанға инспекция жүргізу мүмкіндігіне бір жыл бойы тырысып келген еді. Оған қоса, Иран уранды байыту жұмыстары жүргізіліп отырған кәсіпорынның жұмысын мониторингілеу мүмкіндігін талқылауға келісіп отыр.
Батыстың пайымдауынша, Тегран ядролық қару-жарақ жасауға талпынуда; ал Иран өкіметі болса, бұл жобаның бірден-бір мақсаты - электр қуатын өндіру екенін айтуда. МАГАТЭ өз мамандарының Арактағы реакторға жасағалы отырған сапарына әзірге ешқандай түсіндірме берген жоқ.