Иран жағалауында 30 жолаушы мінген БАӘ кемесі суға батып кетті

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иран жағалауында Біріккен Араб Әмірліктерінің туы ілінген кеме суға батып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Иран қызметі іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына тікұшақ жіберілді. Кеменің барлық жолаушылары құтқару жилеттерін кигені аталып өтілді.