Иран жақын арада жаңа буын бомбасын сынақтан өткізеді

None
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Иран әскерилері жақын арада авиациялық бомбаның жаңа буынын сынақтан өткізеді,

деп хабарлады дүйсенбі күні ФАРС ақпараттық агенттігі Иран Армиясы Әскери-Әуе күштерінің қолбасшысы генерал Хассан Шахсафиге сілтеме жасап.

Бомбалардың жаңа буыны «Кассед-2» (Хабаршы) деп аталады, ал оның алғашқы буыны -«Кассед-1» бомбасы қазіргі таңда Иран әскери-әуен күштерінің қолданысында», - деп хабарлайды агенттік генералдың сөзіне сілтеме жасап.

Генералдың айтуынша, сынақтан өткізілгелі отырған «Кассед-2» бомбасының қашықтықтығы үлкен, оның нысана дәлдеу көрсеткіші де, жарылу қуаты да жоғары.