Жоғары байытылған уран қорын бейтараптандыру - Иранға қарсы санкцияларды жеңілдету тұрғысындағы талаптардың бірі. Бұл санкцияларды осының алдында Батыс елдері енгізген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Иран жағы уранды байыту үшін жаңа центрифугаларды орналастырудан бас тартып, өздерінің ядролық нысандарына халықаралық сарапшыларды кіргізуге және қаруға негізделген плутонийді өндіруге техникалық тұрғыда қауқарлы ядролық реактордың құрылысын тоқтатуға келісті. Өз кезегінде бұл елге қатысты экономикалық санкциялар біршама жеңілдетілетін болады.
00:20, 18 Сәуір 2014
Иран жоғары байытылған уран қорының 50 пайызын жойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - МАГАТЭ-нің мәлімдеуінше, Иран өзіндегі жоғары байытылған уран қорының жартысын жойды. Осы арқылы Теһран ирандық ядролық бағдарламасына байланысты проблемаларды реттеу аясында өзінің міндеттемелерін орындай бастады.