Иран зымыран соққыларының саны мен қуатын арттырады
АСТАНА. KAZINFORM — Иран зымырандық соққыларын күшейтіп, олардың қашықтығы мен қуатын арттыратынын хабарлады.
Бұл туралы Иран Ислам революциясы гвардиясының (КСИР) әуе-космостық күштер командирі Сейид Маджид Мусави мәлімдеді.
— Енді бір тоннадан аз салмақты оқтұмсықпен зымыран ұшырылмайды! Зымырандардың ұшу ұзақтығы мен биіктігі арттырылады, ал әсер ету ауқымы кеңейеді, — деді ол.
Бұған дейін Израиль Ираннан ұшырылған зымырандарды тоқтатқанын хабарлаған.
— Біраз бұрын Израиль қорғаныс армиясы Ираннан Израиль территориясына бағытталған зымырандарды анықтады. Қорғаныс жүйелері (ПВО) қатерді бейтараптандыру үшін қолданылды, — делінген Израиль армиясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Ираннан ұшырылған баллистикалық зымыранның Түркия әуе кеңістігіне кіргені және НАТО-ның әуе және зымыраннан қорғаныс құралдарымен бейтараптандырылғаны белгілі болды.