Иранда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Иран аумағында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жер сілкінісінің орталығы ирандық Шираз қаласының батысына қарай 85 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы 35,3 шақырым тереңдікте жатыр. Қаза тапқандар мен бұзылған ғимраттар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.