Иранда 68 мың мешіт Рамазан айын қарсы алуға дайын

ТЕГРАН. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Асылбек Әділхан/ - Иранда 68 мың мешіт ұлық ай - Рамазанды қарсы алуға әзір. Бұл туралы ИИР мешіттер істері орталығының мәдениет орынбасары Хәджәталла Ассалом вә Әль-Муслемин (Хәджәталла Ники Мольки) дүйсенбі күні ИРНА тілшісімен сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, тамыздың 21-інде халықаралық мешіттер күні аталып өтіледі. «Осыған байланысты мемлекетіміздің әрбір елді мекен тұрғынына, осы кезде мешіттерде бақосуға, сондай-ақ мешіт мамандарына жамағатқа оларды жоғары деңгейде әзірлеуге үндеу жолданды», - деді ол.

Киелі Рамазан айы бойына Иран мешіттерінде әр түрлі көрмелер мен мерекелі жиналыстар өткізілмек. Оның ішінде діни кітаптар таратылады және «Әлем мешіттері» деген фотокөрмелер ашылады және басқа да имандылыққа арналған шаралар ұйымдастырылады.