Иранда 7 адам жер сілкінісінің құрбаны болды, 190 адам зардап шекті

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Боразжан қаласынан 14 шақырым жерде күші 5,7 балдық жер сілкінісі болды.

Белгіленген мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен жеті адам құрбан болды. 190 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Апат аумағындағы тұрғын үйлердің 10-нан 30-ға дейінгі пайызы қираған немесе бүлінген.