11 маусым күні Жоғарғы сот ДАИШ лаңкестеріне қатысты аса ауыр жазаны растаған болатын. Жеті сот отырысынан кейін 8 лаңкес өлім жазасына кесілді.
Айта кетсек, олар 2017 жылдың 7 маусымы күні Тегеранда парламент ғимаратына және Хомейни мазарына шабуыл жасады. Салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 43-і жарақаттанды.