Иранда АҚШ, Израиль және Ұлыбританияға байланысты тыңшылық желілері жойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) барлау ұйымы ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

Фото: pixabay

Нәтижесінде корпус АҚШ, Израиль және Ұлыбританияның арнайы қызметтерімен байланысы бар агенттік ұяшықтар анықталып, жойылғанын мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жедел іс-шаралар бір уақытта елдің үш стратегиялық өңірінде өткізілген: Шығыс Әзербайжан (Иранның солтүстік-батысы), Мазендеран (солтүстік жағалау аймағы).

— Операция барысында барлығы 127 адам ұсталған. Топ мүшелерінен атыс қаруы, оқ-дәрі және тыңшылық пен байланысқа арналған арнайы жабдықтар тәркіленген, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Иран АҚШ пен Израиль шабуылдарынан келген шығынды $270 млрд деп бағалағанын жазған едік.

Кеше қақтығыс басталғаннан бері бірінші круиздік кеме Ормуз бұғазы арқылы өткені белгілі болды.

Осыған дейін журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы Иран АҚШ-қа неліктен сәтті тойтарыс бергенін айтып берді.

Сонымен қатар, ол АҚШ пен Иран келіссөздері неліктен нәтижесіз аяқталғанына қатысты пікір білдірді.