РБК агенттігінің France 24 ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, жергілікті БАҚ мұны Ислам Республикасының тарихындағы ірі алаяқтықтың бірі деп атады. Әзірге шартты түрде «Мистер Икс» деп атау қойған бұл қарақшы бұл істі жалғыз өзі атқарғаны атап көрсетілген. Сондай-ақ ол 2 жыл бойы өз схемасында әртүрлі комппаниялардың жалған аккредитивтерін пайдаланған, олардың арасында елдегі ең ірі Khuzestan Steel болат құю фирмасы да бар.
Алаяқтың әрекетінен кемінде 8 банк зардап шеккен.
Тергеу органдары оқиғаны тексеруде, алайда қандай да бір деректі жариялаудан бас тартып отыр.