Иранда «Amad news» оппозициялық жаңалықтар порталының басшысын өлім жазасына кесті

ТЕГЕРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – Бүгін, таңертең Тегеранда «Amad news» контрреволюциялық және оппозициялық жаңалықтар порталының басшысы Рухолла Замды дарға асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

8 желтоқсан күні Иранның сот билігінің ресми өкілі Голем Хоссейн Эсмаили елдің Жоғарғы соты оппозициялық жаңалықтар порталының басшысын өлім жазасына кесу жайлы өкім шығарғандығын мәлім етті. Иранның сот билігі Рухолла Замға жалған жаңалықтарды таратты және мемлекеттің экономикалық жүйесіне зардап келтірді деген айып таққан. Сондай-ақ оған Telegram-да Amad news оппозициялық арнасын құрды деген айып тағылды.

Алты сот отырысынан кейін Рухолла Замға шығарылған өкім орындалды.