Әртіс әйел Марзиях Вафамехрдің ісіне қатысты соттың шешімі бірнеше айға созылған тергеу амалдарынан кейін жексенбі күні жарияланды, деп хабарлайды Life News.
Порталдың хабарлауынша, әртіс биылғы жылдың шілде айында «Менің сатқын Тегераным» атты фильм көгілдір экранға шыққаннан кейін ұсталды.
Иран-австриялық бірлесіп шығарған киноповесть театрдағы шығармашылық қызметі үшін биліктің қудалауына тап болған әртіс әйел жайында болатын.
Киноның кей жерінде қыздың тақырланып алынған басына орамал тақпай шыққан көріністер бар.
Түсірілім жұмыстары кезінде-ақ картина Иранның консерваторлық көзқарастағы ортасы арасында наразылық тудыра бастады. Фильмнің көрсетіліміне рұқсат берілмей, ол заңсыз түрде жүзеге асқан болатын.
Вафамехрдің авокаты сот шешіміне қатысты жоғарғы құзырлы мекемелерге шағыманбақ.