Иранда Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салынды
16:14, 19 Қаңтар 2011
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Иранның Үкіметі Әулие Валентин күнін атап өтуді заңға қайшы деп жариялады. Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпаратын сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлап отыр.
Үкімет бұл мереке батыстың өмір сүру дағдысын дәріптейді деген шешімге келген. Әулие Валентин күніне арналып сатылатын барлық тауарларға да тыйым салынды. Олар тәркіленіп, ал сатушылар сот алдында жауап беретін болады.