Иранда бір тәулікте 595 адам коронавирус жұқтырған

ТЕГРАН. ИРНА – ҚазАқпарат – Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 7161 адамды құрады. Бұл туралы Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

«Соңғы соңғы бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 595 адамды құрап, Иранда ауырғандар саны 7161 жетті. Ал көз жұмғандар саны 237-ге жетті», - деді ол баспасөз конференциясында.

Джаханпураның сөзіне қарағанда, коронавирусты жұқтырғандардың арасында жазылып шыққан 2394 жағдай тіркелген.