Иранда болған от фестивалінде 70-тен астам адам зардап шекті

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Иранда болған жыл сайынғы Чахаршанбе-Сур от фестивалінде оқыс оқиға орын алды, 70-тен астам адам зардап шегіп, бір адам мерт болды.

Бұл туралы РБК сайты хабаралады.

Аса ауыр жарақат алған, түтінге булыққан және күйік шалған 42 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ирандық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Associated Press агенттігі.

От мерекесі 21-ші наурызда келетін жаңа жылдың алдында жыл сайын аталып өтіледі. Дәстүр бойынша Чахаршанбе-Сур бұл мейрамды тойлау барысында ирандықтар оттан секіріп, от шашу мен петардаларды жағады. Осы арқылы адамның жаны тазаратын көрінеді.

Айта кетейік, Ресейде де пиротехника мен петардаларды қолдану арқылы мереке ұйымдастырады. 2009 жылдың желтоқсан айында Пермьдегі «Хромая лошадь» клубы жетекшісінің өз қызметіне жауапсыздығы салдарынан болған өрттен 156 адам көз жұмып, 83 адам жарақат алған еді.