Иранда Британия елшілігі қайта ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Иран астанасында өз елшілігін қайта ашты. Ол 2011 жылы көтерілісшілердің ғимаратқа, сонымен бірге Тегерандағы өзге де британиялық дипломаттық өкілдікке басып кіріп, кеңселерді қиратып, құжаттарды ұрлауына байланысты жабылған.

Сол кезде Лондон Ирандағы елшілігін жауып қана қоймай, сонымен бірге өз еліндегі Иран елшілерін елден шығарып жіберген.

Жексенбіде Ұлыбританияның сыртқы істер министрі дипломатиялық миссияның ашылуына қатысу үшін Иран астанасына барды. Хэммонд ғимараттағы британдық туды көтерді.

14 шілдеде Венада "алтылық" (АҚШ, Германия, Франция, Британия, Ресей және Қытай) пен Иран ирандық ядролық қаруды реттеу бойынша мәселеде ортақ келісімге келді.

Құжатқа сәйкес, Иран уран өндіруді тоқтатып, одан халықаралық санкция алынады.