Иранда бүгін президенттік сайлау өтеді

ТЕГРАН. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Иранда президенттік сайлау өтеді.

Елдің сайлау комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша, Иранда жасы 18-ден асқан 46 миллионнан астам халықтың дауыс беруге құқығы бар.Ел президенттігінен 4 кандидат үмітті. Байқаушылардың атап көрсетуінше, негізгі қарсыластар - елдің қазіргі президенті Махмұд Ахмадинежад пен оппозиционер Мир-Хоссейн Муссауи, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Кандидаттардың бірде-біреуі халықтың 50 пайыздан астамының дауысын ала алмаса, маусымның 19-ында дауыс берудің екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы. Иранда ең жоғарғы билік президентте емес, елдегі ең жоғары билік ? рухани көсем аятолла Әли Хаменеидің қолында.