Олар - елдің бұрынғы вице-президенті Мұхаммад Реза Ареф пен парламенттің экс-спикері Голям Али Хаддад-Адель. Жалпы елде президенттік сайлау 4 жыл сайын өтеді,. Ал 2005 жылы сайланған Махмұд Ахмадинежад конституцияға сай үшінші рет қатыса алмайды. Бүгінгі сайлауда әлемнің 96 еліндегі Иран азаматтары дауыс бере алады. Елдің Сыртқы істер министрлігі шетелдерге 850 мың сайлау бюллетендерінің жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
07:47, 14 Маусым 2013
Иранда бүгін президенттік сайлау өтеді
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Президенттікке 8 үміткердің екеуі саяси тартысқа қатысудан бас тартқан.