деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
«Каседаке Насир» электромобилі Насирэддин Туси атындағы Техникалық университеттің 14 студенті мен оқытушыларының 10 ай бойы жүргізген жұмыстарының нәтижесі.
«Каседаке Насир» электромобилінде бірегей басқару жүйесі және беріліс қорабы пайдаланылған. Қоректену қуатты аккумулятор есебінен қамтамасыз етіледі. Электромобиль барынша жоғары жылдамдықпен жүруге қабілетті. Оның корпусының қалыңдығы 0,7 мм болат табақшаларынан әзірленген. Бұлардың барлығы да оны қала жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді.