«Бүгін лаңкестер Қорғаныс министрлігі жанындағы зерттеу және инновация орталығының басшысы Мохсен Фахризадаға шабуыл жасады» делінген министрліктің хабарламасында.
Мохсен Фахризаде күзет қызметі мен лаңкестер қақтығысы кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
«Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады және бірнеше минут бұрын ол қайтыс болды» деп хабарлады елдің Қорғаныс министрлігі.