Иранда ірі алтын байыту зауыты ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда сенбі күні Таяу Шығыстағы ірі алтын байыту зауыты ашылды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысындағы Текаб қаласының маңында зауыттың салтанатты ашылуына елдің бірінші вице-президенті Эсхак Джахангири қатысты.

Агенттіктің хабарлауынша, алтын байыту зауыты алтын кенішінің маңында орналасқан. Енді бұл зауыт бағалы металл шығару көллемін екі есе ұлғайтпақ. Елдің мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бұған дейін Иран жылына 3 тонна алтын шығарып келген. Зауытта алтыннан басқа, 2,5 тонна күміс және бір тонна сынап шығарылатын болады.