Агенттіктің атап өтуінше, қалың түскен қар Каспий маңындағы Мазендаран және Гилян провинциясымен қатар, Казвин, Күрдістан, Кум, Исфахан сияқты орталық провинцияларда, соның ішінде ел астанасы - Тегеранда, сондай-ақ шығыс және оңтүстік-шығыс провинцияларда қозғалысты ішінара тоқтатты.
Әсіресе Иранның таулы аудандарындағы көптеген күрежолдар мен автомагистральдар көрінім нашар болуынан жабылды. Адамдарға көмек көрсету үшін арнайы техника, әскерилер, сондай-ақ ерікті халық жасақшылары жұмылдырылуда.
Иранның солтүстік-батыс аудандарында, соның ішінде Ардебильде ауаның температурасы 21 градусқа дейін төмендеді. Табиғаттың тосын мінезіне орай провинцияларда қардың мол түсуі мен суықтық салдарынан мектептер мен балабақшалар жабылды. Тегеранның солтүстік аудандарындағы кейбір оқу орындарында температура 10 градустан төмендеген.
Иран президенті Хасан Роухани тиісті министрліктер мен ведомстволарға қысқа мерзімде зардап шеккен провинциялардың тұрғындарына барлық қажетті көмек көрсетуге, электр энергиясымен және сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге, арнайы техникалармен жолдарды тазалауға нұсқау берді.