Басылымның хабарлауынша, елдің төрт облысында метил спиртінен жасалған алкоголь өнімдерін тұтыну салдарынан көз жұмғандар және көру қабілетінен айырылғандар саны артып келеді.
Осы уақытқа дейін 48 адамның қайтыс болғаны белгілі болған. Олардың жартысынан астамы Мазондаран аймағын, қалғаны Гилан, Занджан және Хамадан аймақтарын мекен еткен. Төрт провинцияда жүздеген адам уланып ауруханаға түскен, олардың кейбіреулері көру қабілетінен айырылды.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің қандай сусын ішкені және оны қай компания жасағаны туралы ақпарат жоқ. Контрафактілік өнімдерді дайындауға және таратуға қатысы бар күдіктілер ұсталғанымен, үкімет қауіпті өнімдерді нарықтан жүйелі түрде алып тастауға қауқары жетпей отыр.