Бұл жайында Иранның денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрлігі мәлімет таратты.
Соңғы тәулікте елде 496 науқас коронавирустан көз жұмған. Бұл - эпидемия басталған уақыттан бергі ең үлкен көрсеткіш.
Соңғы мәліметке сенсек, Иранда індет жұқтырғандар саны 2 млн 417 230 жеткен. Бүгінгі күнге дейін оның ішінде 1 млн 892 229 сырқат дерттен жазылған. 5244 пациенттің жағдайы өте ауыр.
Қазіргі таңда Ирандағы 301 қала «қызыл» аймақта орналасқан. Ал 95 қала - «қызғылт сары», 45 қала - «сары» және 7 қала «көк» аймақта тұр.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 652 мың 903 адам КВИ вакцинасының алғашқы дозасын салдырған. 171 мың 210 ирандыққа екпенің екі дозасы да салынды.