Иранда коронавирусты жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді
Ондағы мәліметтерге қарағанда, Иранда бір тәулікте вирус жұқтырудың 39 019 дерегі тіркеліп, 378 адам аталмыш дерттен көз жұмған. Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 3 979 727 адам. Ал вирустан қайтыс болғандар саны 91 785-ке жетті, - деп хабарлайды Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі.
Медициналық билік елде «дельта» штамының таралуы аясында тағы да шектеулер қойды. 3 тамыздағы жағдай бойынша 10 741 956 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды, ал 2 844 250 адам толық егілді.
Францияда Жерорта теңізінің Корсика аралында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Өткен демалыс күндері бұл жерге 130 000-нан астам демалушы келді. Аралдың екі негізгі қалаларының бірі Бастиядағы ауруханалардың толуы 79% - дан асты. Үкімет тағы да аурухана қызметкерлеріне қосымша жұмысы үшін үстеме ақы, сондай-ақ ауыр жұмыс салдарынан ала алмайтын ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы енгізетінін мәлімдеді. Инфекция таралуының өсуіне байланысты елдің барлық жағалаудағы курорттарында міндетті түрде маска кию және түнгі коменданттық сағат енгізілді.