Елдің төтенше жағдайлар басқармасының деректеріне қарағанда, зілзаланың қуаты - 5,9 балл.
Тазехабад ауданында екі адам мерт болды, оның біреуі аяғы ауыр әйел. 310 адам зардап шеккен.
Иран Президенті Хасан Рухани ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазлимен және Керманшах губернаторы Хашенг Базингпен телефон арқылы сөйлесіп, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.