«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр»,-деді Айбек Смадияров.
Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.