Иранда құмды дауылдан 800-ден астам адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. KAZINFORM – Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясында соңғы тәулікте құмды дауылдан 802 адамның жүрек және тыныс алу жолдарында ақау пайда болып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Anadolu.
92 адам ауруханаға жатқызылды, қалғаны амбулаториялық ем алды.
IRNA ресми агенттігінің хабарлауынша, Ахваз Джундишапур медициналық ғылымдар университеті ректорының орынбасары доктор Мейсем Муази аймақ тұрғындарын, әсіресе балаларды, жүкті әйелдерді, қарттарды және тыныс алу жолдарында ақау бар адамдарды мүмкіндігінше үйде болуға шақырды.
Хузестан метеорологиялық басқармасы құмды дауыл Ирактан келгенін хабарлады және осыған байланысты бейсенбі мен жұмада халықтың денсаулығы үшін «қауіптің қызыл деңгейі» жарияланды.
Жұма күні Ахвазда ауадағы шаң деңгейі бір текше метрге 2 159 микрограмм болған.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан мұнай немесе мұнай өнімдерін сатып алатын елдерге немесе жеке тұлғаларға АҚШ-пен бизнес жүргізуге рұқсат етілмейтінін ескертті.