Иранда күн сайын 20 мыңнан астам жаңа науқас тіркеледі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранда күн сайын 20 мыңнан астам жаңа науқас тіркеліп, 400-ден аса адам өліп жатыр. Бұл - коронавирус індетінің ең ауыр кезеңі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ираж Харирчи алдағы бірнеше апта өлім көрсеткіші өседі деп ескертті.

Жұрт сақтық шараларына бей-жай қарап, жиын-тойға көп барғаннан әрі Наурыз мерекесі кесірінен вирус жұқтырғандар күрт көбейген.

«84 миллион халқы бар Иран коронавирустың төртінші толқынына төтеп беру үшін 10 сәуірден бастап Тегеранда және басқа ірі қалаларда жартылай локдаун енгізді»,-делінген хабарламада.