Оған Иран елінің 120 ғалымы мен зерттеушілері, Америка Құрама Штаттары, Англия, Канада және Норвегия ғалымдары қатысуда.
Төрт күнге созылатын басқосуда 800 баяндама тыңдалатын болады.
«Иран ғалымдары мен зерттеушілері дәрі өндіру, медицина ғылымдары саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Біздің еліміздің дәрі өндіру саласындағы жаңа ғылыми ашылымдар ислам еліне тән иман арқылы бүкіл әлем халқының игілігіне арналған», - деді конференцияның ашылуына құттықтау сөз сөйлеген елдің денсаулық сақтау министрі Мәрзие Вәхид Дәстджери.