MehrNews агенттігінің хабарлауынша, аталған өңірде ұрыс және Меккеден Мәдинаға сапар көріністері түсірілген. Ал қалған түсірілім жұмыстары Кумада жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, Мұхаммед пайғамбар туралы ауқымды фильмді түсіруге Иран үкіметі 30 млн. доллар қаржы бөлген болатын.
Фильм режисері М.Маджидің айтуынша, бұл жаңа шығарманың әлемде теңдесі жоқ. «Әрине, фильм барысында пайғамбардың бет-бейнесі көрсетілмейтін болады», - деп атап өтті ол.