Иранда мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам революциясының Бас көшбасшысы Айатолла Сейед Али Хаменеи 1007 ирандық сотталушыға рақымшылық жасап, түрмеде отыруы тиіс уақытын қысқартуға келісім берді, деп хабарайды ИРНА.

Бас көшбасшы бұл шешімі туралы бейсенбі күні хабарлаған.

Жарлық елдің сот билігі басшылығының ұсынысы бойынша шығарылған.

Ислам революциясының Бас көшбасшысы Айатолла Сейед Али Хаменеиге жазған хатында Иранның сот билігі төрағасы рақымшылық пен сотталушылардың жазасын жеңілдетудің шарттарын жолдаған.

Айта кетейік, ел Конституциясының 110-бабымен Бас көшбасшыға Сот билігі басшысының ұсынысымен рақымшылық жасау құқығы берілген.