«Мен Иранда елші болғанмын. Сол кезде Наурыз мейрамы кезінде елдегі кеңсе атаулы 9 күнге жабылып, ешбір адам шетелге шықпай, бәрі бала-шағасын алып, туған жеріне кететін. Атқонысына барып, туған-туыстарымен көрісетін», - дейді Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.
Оның айтуынша, Наурыз мейрамын мерекелеу туралы жаңа тұжырымдама көңілінен шыққан.
«19 наурыз «Зияткерлік күні» деп белгіленіпті. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жырлар мен эпостардан үзінділер оқу жыл бойы жалғасын табуы керек деп ойлаймын. Қазіргі уақытта ұлттық тағамдар ұмытыла бастады, оның осы тұжырымдамаға кіргені мені қуантып отыр», - дейді ол.