деп хабарлайды РБК агенттігі.
Техникалық себептен болған апаттың салдарынан 3 адам - ұшқыш, бортинженер және полиция офицері қаза тапқан. Тағы үш адам түрлі жарақат алған. Ресми мәліметтер бойынша, есірткімен күрес жөніндегі арнайы бөлімнің тікұшағы операциядан қайтып келе жатқан.
Естеріңізге сала кетейік, Ирандағы ең үлкен ұшақ апаты ағымдағы жылы шілде айында орын алды. Ол жолы Арменияға бара жатқан Ту-154 ұшағы елдің солтүстік-батысныда апатқа ұшырап, 168 адам қаза болған еді.