Қақтығыс Дамган қаласында теміржол стансасында, Тегераннан солтүстікке қарай 350 шақырым жерде болды. Мамандардың бағалауынша, Мешхедтен Тегеранға жолға шыққан пойызда барлығы 300-ден астам адам болған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Аталған жағдайдың себептерін анықтау үшін тергеу басталды.