«Бұл шешім ИИР сот жүйесінің басшысы аятолла Садек Амоли Лариджанидің Рамазан айының аяқталуынан кейін болатын Ид аль-Фитр мерекесіне орай рақымшылыққа ілінетін қамаудағыларды босату туралы өтінішіне берген жоғарғы лидердің жауабы», - делінген ирандық көшбасшысының сайтында.
Ақпаратқа сәйкес, бұл рақымшылыққа 930 сотталған ілігеді. Олардың бір бөлігі бостандыққа шықса, кейбіреулерінің жазасын өтеу мерзімі қысқарады.