Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар жазады.
Бұдан былай жазаланушылардың саусақтары бұрынғыдай суық қарумен емес, соған арналған арнайы құралмен кесілетін болады. Елдің оңтүстігіндегі Шираз қаласында өткен таяу күндері жазалау шарасы барысында осындай машина көрнекі түрде таныстырылды.
INSA ирандық агенттіктің жазуынша, халық алдында ер адамдың оң қолындағы төрт саусақ жаңа аппаратпен ампутацияланды. Ол ұрлық және зинақорлық үшін жазаланды.
Таратылған фотосуреттерде үкімді қара киім мен қара бетперделер киген үш баскесер орындауда. Айыпталушының көзі де тығыз байламмен тұмшаланған. Суреттерден оның жүзінен қиналу белгілері көрінбейді, деп жазады The Telegraph газеті.