Иранда табиғи газдың ірі кеніші ашылды

ТЕГРАН. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат – Иранның мұнай министрі Голямхоссейн Нозари елдің Фарс провинциясында қоры 6 триллион текшеметр табиғи газға бағаланып отырған жаңа "Сефид Бахон" газ кенішінің ашылғанын жария етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, Мұнай экспорттаушы елдер картеліндегі екінші мұнайлы ел болып табылатын Иран газ қоры бойынша да Ресейден кейінгі екінші ел болып саналады. Жаңа кенішті қоса есептегенде Иранның табиғи газының барланған қорлары 30 триллион текшеметрден астамға бағаланып отыр. 2025 жылға қарай Иран жылына 400 миллиард текшеметрге дейін газ өндіруді жоспарлауда. Бұл елде қазіргі жылдық өндіріс 200 миллиард текшеметр газды құрайды.