Иранда техникалық ақауға байланысты «Боинг-737» ұшағы шұғыл қонды

АСТАНА. KAZINFORM — Турбуленттілік салдарынан жолаушылар салонындағы қол жүгін қоятын сөрелер қирай бастаған. Соның салдарынан чемодандар мен жеке заттар жолаушылардың үстіне құлаған, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: Көлік министрлігі

Иранның «Сепехан» әуе компаниясына тиесілі «Боинг-737» жолаушылар ұшағы шасси жүйесіндегі ақау және қозғалтқыштың зақымдануы мүмкін деген себеппен Мешхед қаласына шұғыл қонды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы хабарлады.

Ұшқыш Мешхед–Керманшах бағыты бойынша ұшып бара жатқан кезде төтенше жағдай жариялап, ұшақ әуежайға қайта оралды. Оқиғаға байланысты Мешхед әуежайындағы ұшу-қону жолақтарының бірі уақытша жабылды.

«Әл-Арабия» телеарнасы ұсынған ұшақ ішіндегі кадрларға қарағанда, ұшу кезінде турбуленттілік салдарынан жолаушылар салонындағы қол жүгін қоятын сөрелер қирай бастаған. Соның салдарынан чемодандар мен жеке заттар жолаушылардың үстіне құлаған. Телеарнаның мәліметінше, оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.