Иранда «Ұлы пайғамбар-4» жаттығуының аясындағы зымыран сынағының бірінші кезеңі табысты аяқталды - елдің әскери қолбасшылығы

АСТАНА.  Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат   Иранда  жексенбі күні  басталған  «Ұлы пайғамбар-4»    жаттығуы аясындағы зымыран  сынағының  алғашқы  кезеңі   табысты аяқталды.

Бұл туралы   «Ислам   революциясының сақшылары»  корпусының  (ел Қарулы күштерінің таңдаулы  бөлімі)  баспасөз қызметінен  хабарлады.

Корпус  қолбасшылығының   мәліметтері  бойынша, «жер-жер»   класының     жақын   қашықтықтағы  бірнеше  ондаған   «Найзағай» /"Тондар"/, «Жеңімпаз-110» /"Фатех-110" /, «Зілзала» /«Зальзал»/  зымырандары,  ал  кешке  қарай  орта қашықтықтағы      Шахаб-1" және  "Шахаб-2» ұшырылды.   

Ал дүйсенбі күні  Иранның ең  қуатты   зымырандары -  қашықтық радиусы  2 мың  шақырымға жететін  «Шахаб-3»    зымырандары    ұшырылмақ. 

Фарс агенттігінің ақпараты  бойынша,  жаттығулар барысында сондай-ақ,    зымыран  ұшыратын жаңа  қондырғылар  да  сынақтан  өткізілді.  

«Ислам   революциясының сақшылары»  корпусының  зымыран әскерінің  «Ұлы   пайғамбар-4»   жаттығуы   Иранда жыл  сайын   атап  өтілетін  «Қасиетті  қорғаныс апталығының» аясында    өтеді.