Иранда зағип жандарға арналған әлемдегі жалғыз газет шығуда

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Иран елінің ИРНА (IRNA) мемлекеттік ақпараттық агенттігі «Иран» баспас үйімен бірігіп Брайль әліппесін қолдану арқылы "Iran Sepeed" атты күнделікті газетті шығаруда,

деп хабарлады Тегерандағы REGNUM ақпараттық агенттігінің тілшісі.

 ИРНА-дан тілшіге хабарлағандай, зағиптарға арналған күнделікті газеттің тиражы - 4 мың дана. "Iran Sepeed" газетінің таралуы бүкіл ел бойынша пропорциялы жүруде. «Біздің мемлекетіміздің идеологиясының негізінде барлық адамдар үшін әділеттілік идеясы жатыр. Зағип жандар - қоғамымыздың толыққұқылы мүшелері және біз олардың барлық құқықтарын қамтамасыз етуіміз керек. Соның ішінде ақпарат алу құқығы да бар», - деп мәлімдеді ирандық басылымның өкілі.

 Дания, Норвегия және АҚШ, тағы басқа бірқатар елдерде зағип адамдар үшін Брайль әліппесі қолданылған әдебиеттің кеңінен шығарылатынын атап өту керек.