Аталған халықаралық спорттық фильмдер фестивалінде «Алға» фильмі екі бірдей жүлде алды.
«Алға» – әкелерінің қазасынан соң қылмысқа бет бұрған ағайындылар жайлы фильм. Алайда олардың ауылына талантты жастарды іріктеу үшін жеңіл атлетикадан жаттықтырушы келіп, өмірлеріне өзгеріс әкеледі. Ағайындылардың бірі марафондық жүгіруден әлем чемпионымен бәсекеге түседі.
Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілді. Фильмнің продюсері – Максим Акбаров, режиссері – Ернар Нұрғалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өткенін жазған болатынбыз.