Ирандағы мұнай өңдеу зауыты аумағында жарылыс болды
22:50, 29 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Иранның солтүстік-батысында орналасқан Тебриз мұнай өңдеу зауытының салынып жатқан блоктарының бірінде азот сақталған резервуар жарылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бұл туралы Tasnim агенттігі мәлімдеді.
Мәліметтерге қарағанда, зауыт маңындағы қалың түтін апат салдарынан пайда болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыстан қаза тапқандар жоқ, зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Бұдан бұрын Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан 49 әйел мен 13 бала қаза болғаны хабарланды.