АСТАНА. KAZINFORM — Иранның солтүстік-батысында орналасқан Тебриз мұнай өңдеу зауытының салынып жатқан блоктарының бірінде азот сақталған резервуар жарылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бұл туралы Tasnim агенттігі мәлімдеді.
Мәліметтерге қарағанда, зауыт маңындағы қалың түтін апат салдарынан пайда болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыстан қаза тапқандар жоқ, зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Бұдан бұрын Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан 49 әйел мен 13 бала қаза болғаны хабарланды.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.